10 тамыз 2016 17:38

Ресейде алты жасар қызын өртеп жіберген ерлі-зайыпты оны жоғалды деп іздеуге берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рамиль Ситдиков © РИА Новости Рамиль Ситдиков © РИА Новости

Тергеушілер алты жасар қызды өлтірді деген күдікпен осыған дейін қызымыз жоғалып кетті деп хабар таратқан ата-анасы мен әжесін ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Тергеушілер алты жасар қызды өлтірді деген күдікпен осыған дейін қызымыз жоғалып кетті деп хабар таратқан ата-анасы мен әжесін ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Осыған дейін қыздың ата-анасы асырап алған алты жасар қызы Верониканың 6 тамызда кешкі уақытта үйден кетіп қалғанын хабарлаған. Алайда екі күннен кейін қыздың ата-анасы байланысқа шықпай, құқық қорғау органдарынан жасырынып келген. Кейін олар Серебряные пруды ауылында мас күйінде табылады.

Тергеу мәліметінше, қызды асырап алған ата-анасынан жауап алынғанда олар қыздың сәуір айында жуынатын бөлмеде батып кеткенін айтқан. Содан олар қорыққандарынан қыздың денесін өртеп жібергенін айтты. Олар қызының жоғалуын ұзақ уақыт бойы жасырып келген. Ал тамызда олардың үйіне қамқоршылық органдарының қызметкерлері келгенде, ата-анасы оны жоғалып кетті деп мәлімдеген.

Қазіргі уақытта тергеушілер ата-анасынан алған жауаптардың рас-өтірігін тексеріп, қылмыстың негізгі себебін анықтап жатыр. Қыздың денесін іздестіру жұмыстары басталды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары қамқоршылық органдарының бұл отбасыға қаншалықты жиі келгенін анықтап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети