1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Ресейде коронавирус жұқтырғандардың 65 пайызы аурудан айықты

© Reuters © Reuters

Ресейде коронавирус жұқтырған науқастардың 65 пайызы аурудан айығып шықты, - деп хабарлайды Lenta.ru

Елде бір тәулікте 6760 адамнан COVID-19 анықталған. Ресейде жалпы коронавирусты анықтауға арналған 20,1 миллион тест жасалған. Оның ішінде, 661 165 адамнан COVID-19 анықталған. 428 978 адам аурудан айығып шыққан, бұл коронавирус жұқтырған науқастардың 65 пайызы. Коронавирус пандемиясы басталғалы аурудан 9683 адам қайтыс болған. 

Айта кетейік, Ресей дүние жүзінде коронавирус жұқтырған науқас саны бойынша үшінші орында тұр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!