26 маусым 2018 10:33

Ресейде қырғызстандық әйелді тірідей өртеп жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 47news.ru © 47news.ru

Ленинград облысында өрт кезінде қырғызстандық әйел қаза болды, - деп хабарлайды 47news.ru порталы.


Ленинград облысында өрт кезінде қырғызстандық әйел қаза болды, - деп хабарлайды 47news.ru порталы.

Өрт 24 маусымда Шлиссельбург қаласындағы сауда павильондарының бірінде болған. Оқиға салдарынан 19 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды. Оның сөзінше, павильонға адамдар басып кіріп, оларға бензин шашып өрт қойған. Ал қашып бара жатқанында есікті тіреп кеткен. "Басып кірді де, бізге бензин шашты, өрт қойды", - дейді ол. 

Павильон иесі Кристина Прибыткованың сөзінше, қаза болған қыз Қырғызстаннан келген. Ол сынақтан өтіп жүрген, жұмыс істеп жатқанына бір ай да болмаған екен. Түн жарымда оған адамдар қоңырау шалып, жабық тұрған дүкеннің ішіндегі әйнек сөрелердің шағылып жатқанын және еден қан екенін хабарлаған. "Мен Гулиге қоңырау шалдым. Ол өзін мас күйеуі ұрып-соққанын айтты. Сөрелерді де сол қиратқан. Жылап тұрған, не болғанын кейін толық түсіндіремін деген болатын", - дейді кәсіпкер әйел. 

Әйел күйеуі кеткеннен кейін дүкенді жауып, Кировскке кетіп қалған. Кейін күйеуінің інісімен келіп, павильонды жинамақ болған. 

Көз жұмған әйелдің күйеуі 24 маусымда ұсталды. Полиция пәтер есігін қаққан кезде ол әлі мас болған. Ол әйелін жиі ұратынын мойындағанымен, өртке қатысы жоғын айтқан. 

Өрт кезінде зардап шеккен жігіттің кім екені және әйелге қандай қатысы бары белгісіз. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети