1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Ресейде тәулік ішінде 10 581 адам COVID-19 жұқтырған04 мамыр 2020, 16:05

Көрнекі сурет. Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. Тұрар Қазанғапов

Ресейдің 82 аймағында тәулік ішінде COVID-19 жұқтырған 10 581 адам тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

РФ коронавирус инфекциясының таралуымен күрес жөніндегі жедел штабының хабарына қарағанда, жұқтырғандардың көбі Мәскеуде тіркелген - 5795 адам. Подмосковьеде 803 адам, Санкт-Петербургте 317 адам және Мурманск облысында 280 адам жұқтырған. Коронавирус жұқтырған 5 352 адамда аурудың клиникалық белгілері байқалмаған. 76 науқас қайтыс болды.

Бұған дейін 10 633 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. Сонымен, қазір Ресейде COVID-19 вирусын 145 286 адам жұқтырған. 18 095 адам айықты, 1356 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Еуро бағамы 500 теңгеден асты