Ресейде ұшақ бортында ер адам өзінің тамырын кесіп тастады

26 Мамыр 2015, 14:35
0
© vdv-s.ru
© vdv-s.ru

"Мәскеу-Санкт-Петербург" әуе рейсінің жолаушысы ұшу кезінде өзін жарақаттады, - деп хабарлайды РИА Новости. Көліктегі полицейлер қазір тексеру жүргізіп жатыр.

Порталдың мәліметінше, оқиға туралы хабар 25 мамырда Мәскеу уақыты бойынша 23.00-де Ресей ІІМ желілік бөлімінің "Пулково" әуежайындағы кезекші бөлімшесіне түскен.

"Оқиға орнына жедел жеткен көліктегі полицейлер өз-өзіне қол салған адамның 1952 жылғы ер адам екенін анықтады. Алдын  ала мәлімет бойынша, ол әуе кемесіндегі дәретханаға кіріп, сол жақ қолының білегін кесіп, жарақаттаған", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, ер адамға медициналық көмек көрсетілді, ол орташа ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Ұшу кезінде жолаушылар арасында ешқандай жанжалдың болмағаны анықталып отыр.

 

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай