29 қараша 2014 16:24

Ресейдің "Союз" зымыраны 2015 жылы француз ғарыш айлағынан Оңтүстік Америкаға екі мәрте ұшырылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото©РИА Новости Фото©РИА Новости

 Келесі жылы төрт еуропалық навигациялық GalileoFOC спутнигі арқылы Ресейдің "Союз-СТ" зымыран тасымалдағышы Француз Гвианасы (Оңтүстік Америка солтүстік-шығыс жағасында орналасқан аймақ) экваторлық ғарыш айлағынан ұшырылады. Бұл туралы "Интерфакс-әскери жаңалықтар" агенттігіне "Прогресс" (Самара) зымыран-ғарыш орталығының директоры Александр Кирилин хабарлады.

"2015 жылы  Гвиан ғарыш айлағынан Ресейдің "Союз-СТ" зымыран тасығышын GalileoFOC спутнигі арқылы екі мәрте ұшыру жоспарланып отыр. Оның бірі ақпанда, екіншісі маусым айында" деді ол.
Сондай-ақ ол  "Союза-СТ" зымыран тасығышын Француз Гвианасындағы Куру ғарыш айлағына 2014 жылдың 18 желтоқсанында ұшыру да жоспарланып отырғаны айтты.

 "Бұл істі жүзеге асыру барысында британдық төрт O3b спутниктерін байланысқа шығару жоспарлануда" дейді ол.

Айта кету керек, O3b жаңа еуропалық ортаорбиталық ғарыштық байланыс жүйесін құруға, сондай-ақ Азия, Африка, Латын Америкасы мен Таяу Шығыс елдерінен телекоммуникациялық қызметтерге және интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуге бағытталған жүйе. 
Жалпы, 2011 жылы Оңтүстік Америка ғарыш айлағынан ресейлік "Союз-СТ" зымыран тасығышының 9 зымыраны ұшырылған. Зымырандарды соңғы ұшыру мерзімі 2014 жылдың 22 тамызы болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети