05 сәуір 2022 11:21

Ресейге қарсы жаңа санкцияларға байланысты мұнай қымбаттады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Әлемдік мұнай бағасы Ресейге қарсы жаңа санкциялар мен Иранмен жүргізілген ядролық келіссөздерден кейін көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Әлемдік мұнай бағасы Ресейге қарсы жаңа санкциялар мен Иранмен жүргізілген ядролық келіссөздерден кейін көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Сейсенбі күнгі сауданың басында Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 1,5 пайызға қымбаттап, барреліне 109,11 доллар (шамамен 51 мың теңге) болды, ал америкалық West Texas Intermediate фьючерстері барреліне 1,6 пайызға өсіп, 104,89 долларға (шамамен 48 мың теңге) жетті.

Reuters агенттігі Иранмен ядролық келіссөздер тоқтап тұрған сәт пен Ресейге салынған жаңа санкциялардан кейін мұнай бағасы көтерілгенін атап өтті.

Бұған қоса, Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрі Коити Хагиуда  Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) келісілген мұнай шығарудың жоспарланған екінші раундының егжей-тегжейін әзірлеп жатқанын айтқаннан бір баррель үшін 2 доллардан асып кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети