11 наурыз 2022 15:38

Ресейлік атақты YouTube-ерлер монетизацияның тоқтауына қатысты не дейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Украинадағы жағдайға байланысты YouTube Ресей қолданушылары үшін жарнама және монетизацияны тоқтатты. Енді ресейлік көрермендерге жарнама шықпайды, ал канал авторлары қаралымнан түсетін ақшадан айырылады. Проблемаға байланысты танымал ресейліктер не дейді? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 


Украинадағы жағдайға байланысты YouTube Ресей қолданушылары үшін жарнама және монетизацияны тоқтатты. Енді ресейлік көрермендерге жарнама шықпайды, ал канал авторлары қаралымнан түсетін ақшадан айырылады. Проблемаға байланысты танымал ресейліктер не дейді? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 

Компания өкілдерінің сөзінше, ереженің басқа елдегі қолданушыларға қатысы жоқ.    

"Монетизацияға байланысты жаңалық. Украинадағы әскери қақтығысқа байланысты Ресей билігі қаржыландыратын бұқаралық ақпарат құралдарының арналарындағы монетизацияны тоқтатамыз", - делінген хабарламада.  

Блогерлер алаңдаулы

Журналист Илья Варламов енді тәуелсіз журналистикамен айналысу қиындай түсетінін айтады.  

"Кеше YouTube ресейлік қолданушылар үшін монетизацияны тоқтатты. Бұл тәуелсіз журналистикамен айналысу қиындай түседі деген сөз. Көптеген арна жарнаманың арқасында табыс тауып отырды, енді бұл проблемаға айналды. Бұл не деген сөз? Енді контент аз болады, кейбір авторлар YouTube-тен кетеді", - деп жазды журналист. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Илья Варламов (@varlamov)

Варламов бұрын-сонды мұндай жағдай болмағанын, ары қарай қалай жұмыс істейтіні түсініксіз екенін атап өтті. 

"Мәселе YouTube-тың бұғатталуында емес, редакция қаржыландыруында. Егер мен және командам істеп жатқан жұмыс ұнаса, қолдау білдіре аласыз", - дейді ол. 

YouTube-тегі монетизацияның тоқтауына қатысты белгілі журналист Ксения Собчак та пікір білдірді. Оның айтуынша, енді журналистерді ұстап, қызметкерлеріне жалақы төлеу мүмкін емес. 

"Радио, баспа арқылы жұмыс істей алмайтын БАҚ-тар енді ақша таба алмайды. Олардың қолынан келетіні - ақылы интеграция арқылы ақша табу, ал бұл қазіргі экономикалық жағдайда мүмкін емес. Осы мысал арқылы кімді жазалап жатыр және санкция салдарынан кім зардап шегіп жатыр деген сұрақтар туындайды. БҰҰ-да бір ой туды. Олар "санкциялардың қарапайым азаматтарға зияны тимеуі керегін" айтты. Осы ұсынысты қайталап оқыңыздаршы. Қайталап", - деп жазды Собчак Instagram-парақшасында

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ксения Собчак (@xenia_sobchak)

Ал "The Люди" YouTube-арнасының жүргізушісі Антон Лядовтың айтуынша, монетизациядан түсетін ақшаға, ескі курс бойынша, іссапардағы шығындарды жауып, оператордың, продюсердің, режиссерлер мен видеоны монтаждайтын адамдардың жалақысын төлеу мүмкін болған. 

"Монетизацияның шығындарын толығымен қайтару мүмкін болмады, сондықтан кірістер интеграциядан келді. Осылайша блогерлерде жылдар бойы роликтер жиналып, нәтижесінде қиын жағдайдың өзінде аз да болсын табыс әкелетін мүмкіндігі болған. (...) Тәуелсіз арналардың авторлары жарнаманың арқасында шығынның орнын толтырып отыратын. Одан бөлек, украиналық блогерлер монетизацияны көбіне ресейлік қолданушылар арқылы алатын. Себебі олардың саны көп және Ресейде жарнама құны Украинаға қарағанда жоғары болатын", - дейді ол.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Антон Лядов (@anton.lyadov)

Әзірге YouTube Ресейдегі қолданушылар үшін монетизацияны қашан қайтаратыны белгісіз. Компания өкілдері жағдайды бақылап, қажет болған жағдайда өзгеріс енгізетінін хабарлады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети