Ресейлік БАҚ Түрікменстан президенті қайтыс болды деп хабарлады

21 Шілде, 20:25
0
Ресейлік БАҚ Түрікменстан президенті қайтыс болды деп хабарлады -

Бірнеше ресейлік БАҚ, оның ішінде "Говорит Москва" басылымы Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қайтыс болды деп хабарлады.

Бердімұхамедов 10 күн бойы еш жерде көрінбеген. 5 шілдеде ол Түрікменстанда министрлер кабинетінің кеңейтілген отырысын өткізген. Ресми БАҚ оның неліктен көрінбей жүргенін нақтылаған жоқ. 21 шілдеде БАҚ-та Гурбангулы Бердімұхамедовтің қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты.  

Сонымен қатар, "Хроника Туркменистана" оппазициялық басылымы Мемлекет басшысының жоғалуын оның анасы Огулабат Бердімұхамедованың соңғы он күн бойы Германияда емделіп жатқанымен байланыстырады. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.

15 шілдеде мемлекеттік телеарнадан президенттің еңбек демалысына шыққанын және кітап жазып, уақытын отбасымен өткізіп жатқаны туралы репортаж көрсетті. Сол кезден бастап Гурбангулы Бердімұхамедов еш жерде көрінбеген. 

"Гундогар" басылымының журналистері президенттік ұшақтың бірі 12 шілдеде Германияда байқалғанын айтады. 

Әзірше ресми мәлімет жоқ. 

Гурбангулы Бердімұхамедов 2007 жылдан бері Түрікменстан президенті қызметін атқарып келеді. Ол бұрынғы ел президенті Сапармұрат Ниязовтың қазасынан кейін билікке келді. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай