13 ақпан 2017 17:50

Ресейлік елшіні атып тастаған күзетші түсірілген сурет World Press Photo конкурсының бас жүлдесін иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Lenta.ru © Lenta.ru

World Press Photo халықаралық конкурсының қазылары биылғы басты жүлдені Associated Press баслымының фотографы Бурхан Озбиличиге (Burhan Ozbilici) табыстады. Фотограф Түркия астанасында Ресей елшісін өлтірген адамды алғашқылардың бірі болып түсірген, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Желтоқсанда фотосурет авторы бұл көрмеге кездейсоқ келгенін айтқан. Ол көрмеге үйіне қайтар жолда кірген екен. Ал оқиға болған кезде өзгелер сияқты не болғанын бірден аңғармаған. Ол көз алдында адамның өмірі қиылғанына аңтарылып қалғанымен, кәсіби борышын атқару үшін жұмысын жалғастырған.

Фото 2016 жылдың 19 желтоқсанында "Россия глазами путешественника" көрмесі кезінде бұрынғы полицей Мевлют Мерт Алтынташ 62 жастағы ресейлік дипломатты атып тастаған сәтте түсірілген.

2016 жылы World Press Photo жүлдесі аустралиялық фотограф Уоррен Ричардсонның (Warren Richardson) баланы тікенді сыммен қоршалған дуал арқылы алып өтіп жатқан босқындар суретіне бұйырған. Үздік фотосуреттерді таңдайтын бұл конкурс алпысыншы рет өткізіліп отырғанын айта кетейік.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети