30 наурыз 2020 10:00

Ресейлік ғалымдар коронавирусқа қарсы үш дәрі әзірледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік дәрігерлер COVID-19 коронавирус инфекциясын емдеуде қолданылатын үш дәрілік препаратты әзірледі. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының медик-биологиялық секциясының жетекшісі Владимир Чехонин РИА Новости агенттігіне берген сұхбаты барысында айтты.


Ресейлік дәрігерлер COVID-19 коронавирус инфекциясын емдеуде қолданылатын үш дәрілік препаратты әзірледі. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының медик-биологиялық секциясының жетекшісі Владимир Чехонин РИА Новости агенттігіне берген сұхбаты барысында айтты.

Оның айтуынша, бірнеше жыл бұрын Ресейде вирусқа қарсы триазавирин дәрісі шығарылған. Қытайлық мамандар бұл препаратты коронавирустық инфекцияны емдеуде қолдану үшін қызығушылық танытқан.

"Бірақ бүгін тек респираторлық вирусты инфекцияны емдеуде қолданылатын осы препараттың ерекше, ингаляциялық формасы дайын. Мен оның COVID-19 инфекциясын емдеуде ең қолайлы болатынына сенімдімін. Және, әрине, қазіргі жағдайда мұндай мүмкіндік өте маңызды ", - деді Чехонин.

"Триазавириннің дәрілік түрі еліміздегі мамандандырылған мекемелерде қолдану үшін беруге дайын тұр ", - дейді ғалым.

Сондай-ақ, маманның айтуынша, ресейлік мамандар фавипиравир вирусқа қарсы препаратының өте тиімді синтез жүйесін әзірлеген. Бұл препаратты бұған дейін Жапонияда РНҚ-вирустары арқылы пайда болатын инфекцияларды (қазіргі COVID-19 вирусы да кіреді - ред.) емдеу үшін қолданып келген.

Қытайлық дәрігерлер коронавирустың күн сайынғы белгілері қандай болатынын айтып берді

"Менің білуімше, бұл препарат мамандандырылған клиникаларда қолдану үшін дайын. Үшінші препарат - фортепрен. Жануарлардағы коронавирустық инфекцияны емдеуде қолданылатын ветеринарлық фоспренил препаратының негізінде жасалған. Бұл дәрі клиникалық сынақтардың барлық кезеңінен өтті. Яғни адамдарға да жасалды. Фортепрен қазір тіркеу кезеңінде тұр. Тіркеуден өткен соң оның COVID-19 вирусын емдеудегі белсенділігін тексеру үшін сынап көреміз", - деді академик.

Чехониннің мәлімдеуінше, "осы үш дәрілік зат Ресейдің денсаулық сақтау министрлігін қызықтырған және бүгінде Ғылым академиясы мен БҒМ химиялық бөлімшелерінің жұмысында осы дәрілерге басымдық беріліп отыр".

Сонымен қатар, Чехонин ресейлік ғалымдардың коронавирусқа қарсы үш оңтайлы вакцинаны әзірлеп жатқанын хабарлады.

Оның айтуынша, вакциналар Ломоносов атындағы ММУ биологиялық факультетінің, академик Александр Габибовтың жетекшілігімен Шемянкин және Овинников атындағы Биоорганикалық химия институтының, сондай-ақ Вавилов атындағы Жалпы генетика институтының базасында әзірленіп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети