Ресейлік сарапшылар қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Ресейдегі Өңірлік институт пен ЕурАзЭО институты директорларының пікірі Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің сайтында жарияланды.
Ресейлік сарапшылар қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Ресейдегі Өңірлік институт пен ЕурАзЭО институты директорларының пікірі Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің сайтында жарияланды.
Өңірлік проблемалар институтының директоры Дмитрий Журавлевтің айтуынша, латын әліпбиіне көшу арқылы біз түркі тілдес елдермен мәдени қарым-қатынасты орната аламыз, себебі олардың көбінде латын әліпбиі қолданылады.
"Тіл жақындастығы мен бірлік болса, мәтін қаріптері тіпті оқымаған адамдарға да түсінікті болды, яғни тек оқып және жаза алатын адамдарға түсінікті болады. Біздің әлемді байланыстыратын тек ортақ дүниелерден басқа түрлі ерекшеліктеріміз бар. Осылайша, өзіміздің мәдениетімізді дамыта отырып, сол ерекшеліктерімізді өзара қолдану керек", - деді Дмитрий Журавлев.
Ал ЕурАзЭО институының директоры Владимир Лепехиннің айтуынша, ол латын әліпбиіне көшу мәселесінде "еуразиялық көзқарасты" ұстанады.
"Бұл жерде түріктердің әдет-ғұрпын қолдану жөн болар еді. Мұндай қадам адамның өзіндік мүддесіне деген сана-сезімді арттырады", - деп келтіреді сарапшының сөзін елшіліктегілер.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан Президенті "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында жыл соңына дейін латын әліпбиіне көшу жобасын даярлауды ұсынған болатын. "Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес", - деген еді Мемлекет басшысы.