11 наурыз 2021 16:37

Румыния жағалауында жүк кемесі батып кетті, қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook.com/ordinea.ro Фото: facebook.com/ordinea.ro

Эстониялық компанияға тиесілі құрғақ жүк таситын Volgo Balt 179 кемесі бүгін, 11 наурызда Румыния жағалауында батып кетті. Экипаждың екі мүшесі қайтыс болды, 10 адам құтқарылды, тағы бір теңізші іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Mediafax агенттігі көмір тиелген кеме Ростов-на-Дону портынан 6 наурызда шығып, 11 наурызда кешке Констанца портына жетуі керек болғанын хабарлайды.

Апат сигналы түскенде Volgo Balt 179 кемесі Румыния жағалауынан 76 миль қашықта болған. Соңғы хабарламада экипаж мүшелері құрғақ жүк таситын кемеден шығатынын айтқан.

"Таңғы сағат 04.40-та GSP Falcon экипажы Volgo Balt 179 кемесінен апат сигналын алды. Қолайсыз ауа райына қарамастан құтқару операциясы дереу басталды", - делінген GSP Falcon компаниясының сайтында жарияланған хабарламада.

Құтқару операциясына Румынияның теңіздегі адам өмірін құтқару агенттігі, сондай-ақ Румыния шекара полициясы қосылды.

Зардап шеккендер Констанца қаласындағы ең жақын портқа жеткізіледі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, кемені ауа райының қолайсыздығына байланысты су басқан болуы мүмкін. Сондай-ақ, экипаж мүшелері Украина азаматтары екені белгілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети