10 тамыз 2021 12:16

Samsung басшысы мерзімінен бұрын босатылады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Пара алу, қаржы жымқыру және басқа да айыптаулар бойынша сотталған Samsung Electronics компаниясы төрағасының орынбасары мерзімінен бұрын түрмеден босатылады, - деп хабарлайды Reuters.


Пара алу, қаржы жымқыру және басқа да айыптаулар бойынша сотталған Samsung Electronics компаниясы төрағасының орынбасары мерзімінен бұрын түрмеден босатылады, - деп хабарлайды Reuters.

Оңтүстік Корея Әділет министрлігі мәліметінше, 53 жастағы Ли Чжэ Ен 13 тамызда бостандыққа шығады. Ол өзіне тағайындалған 30 айдың 18-ін өтеген. Ли пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, бастапқыда 5 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ кейін сот бұл мерзімді екі есе қысқартқан еді.

Samsung-тың мұрагері ұлттық мереке - 15 тамызға сәйкес келетін Азаттық күніне орай рақымшылыққа ілінген тұтқындар тізіміне кірген. Ли Чжэ Еннің шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына әсер еткен факторлардың бірі ретінде департамент "COVID-19 пандемиясының созылуына байланысты елдегі экономикалық жағдайды" атады.

Қазіргі уақытта Samsung құрылтайшысы немересі компанияға жұмысқа орала ма, жоқ па белгісіз. Оңтүстік Корея заңнамасына сәйкес экономикалық қылмыс жасаған адамдар 5 жыл кәсіби қызметпен айналыса алмайды. Сонымен қатар, шартты түрде мерзімінен бұрын босату шетелге сапарға шығу мүмкіндігін шектейді.

Ли Чжэ Ен 2014 жылдан бастап іс жүзінде Samsung компаниясының басшысы болған, оның әкесі Ли Кун Хи инфаркт алып, төсек тартып жатып қалды. Сөйтіп ол 2020 жылдың қазанында қайтыс болды, ал оның ұлы жақын арада ресми түрде компанияның басшысы болуы керек болған.

Алайда оны 2017 жылдың ақпанында Оңтүстік Корея соты қамауға алды. Ол 2015 жылы 43,3 миллиард вон пара алды деп айыпталды. Тергеушілер мәліметінше, пара Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хенің досы Чхве Сун Силге арналған, ол 2021 жылы сыбайлас жемқорлық үшін 20 жыл түрмеге қамалған болатыр. Samsung-тың бірнеше құрылымын біріктіруді мақұлдаған да сол.

Айта кетейік, Samsung империясының мұрагері 2021 жылдың қаңтарында қайтадан темір торға қамалды. Прокуратура бастапқыда 9 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети