25 қазан 2020 10:09

Samsung төрағасы Ли Гон Хи қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Reuters @Reuters

Samsung концернінің төрағасы Ли Гон Хи 79 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Samsung концернінің төрағасы Ли Гон Хи 79 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ли Гон Хи жексенбіде Сеулдегі Samsung ауруханасында қайтыс болды. Ол 1942 жылы дүниеге келген, ал 1987 жылы әкесінен, яғни Samsung негізін қалаған Ли Бен Чхольдан кейінгі екінші төраға болып тағайындалған, бұл туралы Ренхап агенттігі жазды.

2014 жылы Ли Гон Хи инфаркт алып, емделген болатын, содан кейін корпорацияның жұмысы оның мұрагеріне, ұлына, Samsung Electronics еншілес компаниясының вице-президенті Ли Чжэ Енге өтті.

Сондай-ақ, Оңтүстік Корея прокуратурасы Ли Чжэ Ен концернінде билікті қолға алғанда Samsung Group-ты бақылау үшін корпорация ішіндегі компанияларды біріктіру кезінде заңсыз алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Ли Чжэ Еннен басқа Ли Гон Хидің Ли Бу Чжин мен Ли Со Хен атты қыздары бар. Тағы бір қызы Ли Юн Хен 2005 жылы өз-өзіне қол жұмсаған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети