17 сәуір 2017 22:56

Санкт-Петербург метросында теракт ұйымдастырушы ұсталды. Жедел түсірілім

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аброр Азимов Аброр Азимов

Мәскеу маңындағы Одинцов ауданында Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі Санкт-Петербург метросында теракт ұйымдастырушылардың бірін ұстаған. Ол Орталық Азияның тумасы, 26 жастағы Аброр Азимов, - деп хабарлайды RT.


Мәскеу маңындағы Одинцов ауданында Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі Санкт-Петербург метросында теракт ұйымдастырушылардың бірін ұстаған. Ол Орталық Азияның тумасы, 26 жастағы Аброр Азимов, - деп хабарлайды RT.

ФҚҚ мәліметінше, ұсталған Азимов терактіні ұйымдастырушы Қырғызстан тумасы Акбаржон Джалиловты дайындаған. Жедел түсірілімнен Азимовтың теміржол бойында ұсталғаны көрінеді.  

"Не үшін ұсталғаныңызды сезіп тұрсыз ба?", - деп сұрақ қойды қызметкерлердің бірі. "Иә", - деді Азимов. Болжамды лаңкестің ұсталған сәтінде оның қалтасынан қарулы тапанша оғымен, ұялы телефон, оның қорапшасы және қуаттау құрылғысы табылды. 

Ұсталған адам Ресейдің Тергеу комитетіне жеткізілді. 

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 3 сәуірінде Санкт-Петербург метросының екі бекетінде жарылыс болған еді - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта метро бекеттеріне кіру және шығу жолдары жабылған.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети