11 сәуір 2017 14:46

Санкт-Петербургтегі теракт: Террористік ұйымдардың 8 мүшесі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости. © РИА Новости.

Санкт-Петербург метросында болған жарылысқа қатысты істе террористік ұйымдардың сегіз мүшесі ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников айтты.


Санкт-Петербург метросында болған жарылысқа қатысты істе террористік ұйымдардың сегіз мүшесі ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников айтты.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында террористік ұйымдардың сегіз мүшесі ұсталды. Олардың алтауы Санкт-Петербургте, екеуі Мәскеуде болған. Барлығы Орталық Азияның тумасы", - деді Александр Бортников.

"Үлкен көлемдегі қару тәркіленді. Осыны ұйымдастырушылар мен олардың сыбайластары болуы мүмкін адамдар іздестіріліп жатыр", - деді Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 3 сәуірінде Санкт-Петербург метросының екі бекетінде жарылыс болған еді - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта метро бекеттеріне кіру және шығу жолдары жабылған.  

"Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Мен арнайы қызмет өкілдерінің басшыларымен сөйлестім. Федералды қауіпсіздік қызметінің директорымен сөйлестім. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері оқиғаның егжей-тегжейлі зерттеп, дәл бағасын береді. Қала билігі, егер қажет болып жатса федералдық билік қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына қажетті көмек көрсетеді", - деген еді Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу барысында Санкт-Петербург метросында болған жарылыс туралы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети