Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 311.59
EUR / KZT - 349.39
CNY / KZT - 45.41
RUB / KZT - 5.50

Сарапшылар ХВҚ-ның болжамымен келіспейді

24 Қаңтар 2014, 14:56
0
Халықаралық валюта қоры © REUTERS
Халықаралық валюта қоры © REUTERS
2014 жылда әлемдік экономика қай деңгейде дамиды? Осыған қатысты Халықаралық валюта қоры өз болжамын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған болжамға сәйкес, алдағы уақытта әлемдік экономиканың өсуі байқалады. Халықаралық валюта қорының мәлімдеуінше, ағымдағы жылы жаһан экономикасының өсу деңгейі 3,7 пайызға дейін көтеріледі. Былтыр ол көрсеткіш 3 пайыз болған. Ал келесі жылы әлем экономикасы 3,9 пайызға дейін өседі деген болжам бар. "Соның барлығы дамыған экономикасы бар мемлекеттердің арқасында іске аспақ", - делінген ХВҚ-ның ресми болжамында. Ұйымның хабарлауынша, дамыған елдердің ішкі сұранысы күшейген сайын дамушы мемлекеттердің экономикасы да өсетін болады. "Алайда бүгінде кейбір мемлекеттерде экономикалық өсімнің баяу қалыпқа түсуі байқалады. Ондайда құрылымдық реформаларды ары қарай жалғастыру ел саясатының негізгі бағыты болуы шарт", - дейді ұйым сарапшылары.

Сондай-ақ Халықаралық валюта қоры Еуропа экономикасының 1 пайызға өсуін болжап отыр. Алайда Экономикалық зерттеулер институты (Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанындағы құрылым - авт.) онымен келіспейді. Себебі еуроаймақтың экономикасы әлі күнге дейін дефляция, қаржы жүйесінің тұрақсыздығы, жұмыссыздық, ішкі сұраныстың төмен болуы және тағы басқа банк саласындағы қиыншылықтарға тап болуда.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай