Саясаттанушы Өзбекстанда билікке кім келуі мүмкін екенін айтты

03 Қыркүйек 2016, 01:17
0
Саясаттанушы Өзбекстанда билікке кім келуі мүмкін екенін айтты -

Өзбекстанда саясат пен жергілікті саяси құрылымның жабық болуына байланысты биліктің кімге берілетінін болжау қиын. Бұл туралы саясаттанушы Ерлан Қарин өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Алайда Қаринның айтуынша, Өзбекстанда ендігі билік өкілеттігі отбасының мүшесіне берілмейді.

"Сондықтан да келесі нұсқалар болуы мүмкін: Бірінші нұсқасы - "күш құрылымдары". Жергілікті арнайы қызмет, яғни бұл Өзбекстандағы Ұлттық қауіпсіздік қызметі, ол елдегі билік жүйесі.

Екінші нұсқа - "Бәтуаластыққа келу". Бастапқыда Өзбекстан президентінің денсаулығы жайлы хабарламаны президент әкімшілігіндегілер немесе мемлекет басшысының басқа әкімшілік құрылымдары мәлімдеген жоқ. Осылайша елдегі үкімет арқылы премьер-министрдің жетекші рольді атқаратыны расталып отыр. Сондықтан да елдегі билік оның қолына өтуі де мүмкін.

Үшінші нұсқа - "Конституциялық". 2011 жылы Өзбекстанның негізгі заңына бірнеше өзгерту енгізілген болатын. Яғни, Өзбекстан президенті өз міндеттерін атқара алмаған жағдайда билік уақытша Сенат төрағасына өтеді", - деді Қарин.

Соңында саясаттанушы жуырда жаңа нұсқанын жүзеге асырылатынын мәлімдеді. "Меніңше, өзбек халқы шешімді ортақ заңдардың аясында қабылдайды", - деп қорытындылады сөзін Қарин.

Осыған дейін Өзбекстан телеарналары Ислам Кәрімовтің қайтыс болғанын ресми түрде жариялаған болатын. Артынша Өзбекстан президентінің кіші қызы Лола Каримова-Тилляева Instagram желісінде әкесінің қайтыс болғанын мәлімдеді. "Ол бізді тастап кетті... Сөз таңдап отырып, өзім сене алар емеспін", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында. 

Ислам Каримовті жерлеу рәсімі Самарқанда 3 қыркүйекте өтетіні хабарланды. Президенттің қазасына байланысты Өзбекстанда үш күнге қаралы күн жарияланады.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай