08 шілде 2020 11:07

Сербияда C0VID-19 жағдайы ушығуына байланысты комендант сағаты енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Сербия коронавирус жағдайының ушығуына байланысты жұмадан бастап дүйсенбіге дейін комендант сағатын енгізеді. Бұл туралы ел президенті Александр Вучич мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Сербия коронавирус жағдайының ушығуына байланысты жұмадан бастап дүйсенбіге дейін комендант сағатын енгізеді. Бұл туралы ел президенті Александр Вучич мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сондай-ақ ел астанасы Белградта шектеулер күнделікті енгізілді. Себебі бас қалада басқаларға қарағанда жағдай күрделі. Үйде немесе көшеде 5 адамнан артық жиналуға болмайды. Вучич қаладағы барлық медициналық ұйымда орын жоғын атап өтті.

Соңғы мәліметтер бойынша, Сербияда коронавирус пандемиясы кезінде 17 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. 330 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети