14 желтоқсан 2016 12:44

Шавкат Мирзиеев ант беріп, Өзбекстан президенті қызметіне кірісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Өзбекстан СІМ © Өзбекстан СІМ

Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенті қызметіне ресми түрде кірісті, - деп хабарлайды "Газета.uz".


Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенті қызметіне ресми түрде кірісті, - деп хабарлайды "Газета.uz".

Ташкентте Мәжіліс палатасының біріккен отырысы барысында Шавкат Мирзиеевтің жаңа лауазымға кірісуіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Өзбекстан Республикасы Конституциясының 92-бабына сәйкес, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жаңа лауазымға кірісер алдында ант берді.

"Салтанатты түрде Өзбекстан халқына адал қызмет етемін және Конституция ережелері мен заңдарын сақтай отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандығына кепіл беремін. Өзбекстан Республикасы президентіне жүктелген міндеттерді адал ниетпен атқарамын деп ант беремін", - деді ол антында.

Айта кетейік, салтанатты іс-шараны Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы ашты.

Өзбекстан президентінің міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеев 4 желтоқсанда өткен сайлауда жеңіске жеткен болатын. Өзбекстан орталық сайлау комиссиясы 4 желтоқсанда өткен президент сайлауы нәтижесін жариялады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирза-Ұлықбек Абдусаломов өткізген брифинг барысында Шавкат Мирзиеевтің сайлауда 88,61 пайыз дауыспен жеңіске жеткені белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети