1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Шереметьевода болған апаттың толық видеосы жарияланды

Видео кадры Видео кадры

Ресейдің Тергеу комитеті YouTube-арнасында Sukhoi SuperJet 100 ұшағының 2019 жылдың 5 мамырында Шереметьево әуежайында болған апаттың толық видеосын жариялады.  

Видео кадрында отқа оранған лайнер ұшып-қону жолағына келіп, артынша бірден тежегішті басқаны байқалады. Кейіннен жолаушылар үрмелі траппен түсіп, қаша бастаған. Бірнеше секундтан кейін өрт сөндірушілер келіп, өртті сөндіре бастайды. 

Видео ұшақ командирі Денис Евдокимовқа қатысты қылмыстық істің аяқталғаны туралы мәлімдемемен қатар пайда болған. Ұшқыш қауіпсіздік ережелерін бұзды деп айыпталған. 

Шереметьеводағы ұшақтан шыққан өрттен 41 адам қаза тапты

Ресейдің Тергеу комитетінің сайтында Евдокимов "ұшу-қону жолағына өрескел қонуды жүзеге асырғаны" хабарланған. 

"Евдокимовтың әуе кемесін басқарудағы әрекеті белгіленген ережеге сай болмады. Салдарынан 40 жолаушы мен бір экипаж мүшесі қайтыс болды. Одан бөлек, 10 адам түрлі дене жарақатын алды", - делінген хабарламада.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!