25 сәуір 2019 10:49

Шри-Ланканың батысында тағы бір жарылыс болды - Жергілікті телеарна

ПОДЕЛИТЬСЯ

© IpNews © IpNews

Бейсенбіде Шри-Ланка астанасы Коломбодан 40 шақырым жерде орналасқан Пугода ауданында жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости News 1st телеарнасына сілтеме жасап. 


Бейсенбіде Шри-Ланка астанасы Коломбодан 40 шақырым жерде орналасқан Пугода ауданында жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости News 1st телеарнасына сілтеме жасап. 

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ. Құқық қорғау органдары болған жағдайға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бас-аяғы осы бір аптаның ішінде Шри-Ланкада тоғыз жарылыс болды. Соңғы мәліметтер бойынша, Шри-Ланкада болған жарылыстан қаза тапқандардың саны 359 адамға жеткен.

Бұл жарылыстарды "Ислам мемлекеті" террористік тобы өз мойынына алды, алайда олар аралдағы жарылыстарға қатысы бар бірде-бір дәлел келтірмеген. 

Шамамен 100-ден аса адам күдікті ретінде ұсталды. Бұл жарылыстарға 9 жанкешті лаңкес қатысқан, оның сегізінің кім екендері анықталған. 

Еске салайық, 21 сәуірде Шри-Ланкада екі жарылыс болған еді. Кейінірек Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети