03 тамыз 2014 12:36

Шыңжаңдағы лаңкестік шабуылдан кейін 60 лаңкестің көзі жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

u-f.ru u-f.ru

Шыңжаңда 28 шілдедегі лаңкестік әрекеттен кейін 59 лаңкестің көзі жойылды деп хабарлайды "Синьхуа" агенттігі.


Шыңжаңда 28 шілдедегі лаңкестік әрекеттен кейін 59 лаңкестің көзі жойылды деп хабарлайды "Синьхуа" агенттігі.

Құқық қорғаушы орган қызметкерлері лаңкестерді ауыздықтап, Шыңжаң Ұйғыр автономиясы ауданында тағы 215 адамды тұтқындаған.

Агенттіктің мәліметінше, бейбіт тұрғындардан 37 адам қаза тапқан сондай-ақ 13 адам лаңкестердің шабуылынан жарақат алған.

Еске салайық, 29 шілде күні Шыңжаңда пышақпен, балтамен қаруланған лаңкестік топ, әкімшілікке, полицияға және бейбіт тұрғындарға шабуыл жасаған болатын.

Қазірде Шыңжаңда БҰҰ лаңкес деп таныған экстримистік ұйым "Шығыс Түркістан ислам қозғалысы" айрықша белсенділік танытуда.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети