15 желтоқсан 2014 13:26

Сиднейде кепілге алынғандардың тағы екеуі қашып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Сиднейдің орталығындағы кафеде белгісіз біреу кепілге алған адамдардың тағы екеуі қашып шықты, - деп хабарлайды РИА Новости. Қалған адамдар 15 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00 шамасынан бері кепілдікте отыр.


Сиднейдің орталығындағы кафеде белгісіз біреу кепілге алған адамдардың тағы екеуі қашып шықты, - деп хабарлайды РИА Новости. Қалған адамдар 15 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00 шамасынан бері кепілдікте отыр.

Жергілікті телеарналардың бірі жариялаған бейкероликтен қашып шыққан екі қыздың үстінен кафе логотипі бар алжапқышты көруге болады. Бұған дейін үш адам қашып шыққан болатын, олардың біреуі кафе қызметкері. "Полиция олардың қалай құтылып шыққандарын нақтылаған жоқ", - делінген жарияланымда.

Еске сала кетейік, 15 желтоқсан күні таңертең белгісіз біреу Сиднейде Орталық банк жанында орналасқан Lind дүкен-кафесінің келушілері мен қызметкерлерін кепілге алды. Ол адамдарды араб тілінде жазылған жазуы бар жалауды терезеге ілуге мәжбүрледі. БАҚ-тағы ақпараттарға сүйенсек, күдіктінің қолында үлкен сөмке мен "жанкештілер белбеуіне" ұқсас белдігі бар. Күдікті затқа байланысты кафеден жүздеген метр жердегі әйгілі Сидней опера театрындағы адамдар эвакуацияланды. Мәліметтер бойынша тұтқында әлі 30 адам бар. Бірақ полиция бұл жайды теракт деп есептемейді. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети