22 қазан 2021 09:36

Сирияда орман өртеген 24 адам өлім жазасына кесілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Сирия үкіметі 2020 жылы ірі дала өртіне әкеп соққан қасақана өртеу әрекеті үшін сотталған 24 адам өлім жазасына кесілгенін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Сирия үкіметі 2020 жылы ірі дала өртіне әкеп соққан қасақана өртеу әрекеті үшін сотталған 24 адам өлім жазасына кесілгенін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

11 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған, ал кәмелетке толмаған бес бала 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, делінген Әділет департаменті хабарламасында.

"Өлім жазасына кесілгендер адам өліміне және мемлекеттік инфрақұрылымға, қоғамдық және жекеменшікке зақым келтірген террористік акт жасады деп айыпталды", - делінген министрлік хабарламасында.

Мемлекеттік телеарна кейбір қылмыскерлер қасақана өртеу әрекеті үшін ақы алғанын мойындағанын көрсеткен. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мәліметінше, көп тұтқын сот немесе тергеу өтпестен өлім жазасына кесілген.

Жергілікті билік Латакия, Тартус, Хомс және Хама провинцияларында 280 қала мен ауылға зиян келтірген 187 орман өртін тіркеген. Олар 13 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін және 11 мың гектар орманды шарпыған, деп хабарлады Әділет министрлігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети