Сириядағы терактілер Астана мен Женевадағы келіссөздерді болдырмауға бағытталған - Джаафари

24 Наурыз 2017, 19:45
0
Сириядағы терактілер Астана мен Женевадағы келіссөздерді болдырмауға бағытталған - Джаафари - © REUTERS
© REUTERS

Сирияда болып жатқан терактілер Астана мен Женевадағы процестерді болдырмау үшін бағытталған. Бұл туралы Женевадағы келіссөздердегі Сирия делегациясының басшысы Башар Джаафари мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Барлық лаңкестік шабуылдың мақсаты бір - Астана мен Женевадағы келіссөздерді болдырмау", - деді Джаафари. Оның айтуынша, барлық теракт дипломатиялық және саяси процестерді тоқтатуға бағытталған.

"Сондықтан барлық ел Астана мен Женевадағы саяси процестерді қолдауы керек", - деп айтып өтті Башар Джаафари.

Еске сала кетейік, бүгін, 24 наурызда Женевада Сирияға қатысты келіссөздердің бесінші раунды басталды.

Осыған дейін Женевада Сирияға қатысты келіссөздердің жаңа раунды өткені хабарланған болатын. Үкіметтік делегация мен оппозиция өкілдері Швейцарияға келген еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай