Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Славянскіде коменданттық сағат енгізілді

20 Сәуір 2014, 17:33
0
 Славянск аймағындағы әскери техника Фото Varlamov
Славянск аймағындағы әскери техника Фото Varlamov

30 сәуірге қарған түні  Славянск орталығында Былбасовка ауылында орналасқан блокпостты белгісіз біреулер автоматтық қарумен атқылаған, деп хабарлайды, Tengrinews.kz

Славянск "халықтық мэрі"  Вячеслав Пономарев блокпосттағы түнгі атысқа байланысты Славянс орталығында коменданттық сағат енгізілгенін хабарлады. "Түн жарымынан таңғы 6-ға дейін коменданттық сағат енгізілді. Осы уақытта көшеде ешкімнің жүруіне рұқсат етілмейді", дейді ол. 

Пономаревтың айтуынша, блокпосттағы түнгі атыста ополченцтердің біреуі  қайтыс болып, екі адам ауыр жарақаттанған. Федерализация жақтаушылары қарымта оқ атып, жеті адамды жарақаттаған. Кейіннен Украина ІІД Донецк облысындағы Славянскі блокпостында атыс болғанын растады. "Донецк облысындағы Славянск қаласында 20 сәуірде жергілікті уақыт бойынша 3.00-де  блокпостта қаруланған екі топ атысып, бір адам қайтыс болды, тағы үшеуі ауыр жарақаттанды" делінген Украина ІІД хабарламасында. 

Украина билігінің хабарлауынша, қазіргі таңда елдің оңтүстік шығысында әскерилердің қатысуымен арнайы опрерациялар өткізілуде. Украинаның шығысында, Донецкіде, Харьковта, Луганскіде наурыз айынан бері федерализация жақтаушыларының митингілері өтіп жатыр. 

Ресей Славянскідегі арандатушылыққа қарсы екенін білдірді. Ресей билігі Киев басшыларының  ұлтшылдар мен экстремистердң қарусыздандыруға құлық танытпай отыр деп санайды. "Бұл қайғылы жағдай 17 сәуірде Женевада өткен кездесуде кез келген зорлық зомбылық әрекеттерге жол бермеу, қорқыту, арандатуды болдырмау туралы төртжақты келісімдерге қол қойылғаннан кейін орын алып отырғаны таңғалдырады" делінген ресейлік ішкі саясат ведомствасының хабарламасында. 

Ресей СІМ хабарлауынша, Мәскеу Украинаның өзіне алған міндеттерді атқаруын талап етіп отыр. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай