02 мамыр 2014 11:01

Славянскіде Украина әскері шабуыл бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет РИА Новости© Сурет РИА Новости©

Славянск орталығында Киев бақылауындағы күштік құрылымдар мен федерализацияны қалайтындар арасында әскери қақтығыс басталды, - деп хабарлайды tengrinews.kz  сайты РИА Новости басылымына сілтеме жасап. Жарақат алғандар бар. 


Славянск орталығында Киев бақылауындағы күштік құрылымдар мен федерализацияны қалайтындар арасында әскери қақтығыс басталды, - деп хабарлайды tengrinews.kz  сайты РИА Новости басылымына сілтеме жасап. Жарақат алғандар бар. 

"Украина армиясы десанттарды тікұшақ арқылы түсіріп, қаланы түбегейлі тазалауды бастады. Қазір соғыс қимылдары қаланың орталығына дейін жетті", - дейді агенттік өкілі. Олардың айтуынша ауыр бронетехникалар қаланың шетінде тұр.  

Славянскідегі шабуыл 2 мамыр күні ертеңгісін басталған. Агенттіктің хабарлауынша, қала үстінен ұшқан тікұшақ жарылған. Тағы да бір куәгерлердің айтуынша, бір тікұшақ жерге оқ жаудырған, бұған жауап ретінде зымыран пайдаланылып, оны жарып жіберген. Сондай-ақ, тағы да бір десант түсірмек болған МИ-8 тікұшағына жәрдем көрсетуге келген МИ-24 тікұшағы да жарылды. 

Естеріңізге салайық, федерализацияны қалайтындар наурыз айында Украина шығысындағы Донецк, Харьков және Луганск қалаларында митингке шыққан болатын. Қазір бөлінуді қалайтын белсенділердің әрекеттері Славянск, Краматорск және жоғарыда айтқан Донецк қалаларында орын алуда.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети