29 наурыз 2021 09:26

Словакия премьері вакцинаға қатысты даудан кейін отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Словакияның премьер-министрі Игорь Матович отставкаға кететінін мәлімдеді және қаржы министрі Эдуард Гегероға лауазым алмасуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.


Словакияның премьер-министрі Игорь Матович отставкаға кететінін мәлімдеді және қаржы министрі Эдуард Гегероға лауазым алмасуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.

Игорь Матович лауазымды ауыстыру ұсынысын брифингте мәлімдеді. Саясаткердің айтуынша, бұл шара елдегі үкіметтік дағдарысты тоқтатады.

"Біз қаржы министрі Эдуард Хегермен лауазым алмасамыз. Ол жауапты адам және оған бәріміз сенеміз", - деді премьер-министр.

Үкіметтегі дағдарыс Матовичтің серіктес партиялар келісімінсіз ресейлік "Спутник V" вакцинасын сатып алу туралы шешімінен кейін пайда болды. Өйткені препарат Еуропалық Одақта (ЕО) әлі тіркелмеген. Бұл шешім Словакияда коронавирус таралуына байланысты жағдай күрт нашарлаған кезінде қабылданған.

Қаржы министрлігінің басшысы министрлер кабинетінде орын ауыстыру ұсынысына келісіп, билеуші коалицияның барлық төрт партиясынан қолдау алды. Жақын арада Гегеро Словакия президентіне Үкіметтегі кадрлық өзгерістер туралы ұсыныс жасайды.

Словакия Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі мақұлдамаған вакцинаны қолданатын Венгриядан кейінгі екінші ЕО елі болуы мүмкін.

Айта кетейік, Қазақстанда халықты ресейлік "Спутник V" вакцинасымен вакцинациялау осы жылдың 1 ақпанында басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети