28 желтоқсан 2019 14:41

Сомали астанасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 90-ға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сомали астанасы Могадишо қаласында жарылғыш зат қойылған көлік жарылды. Осыған дейін жергілікті Dalsan радиостанциясы оқиға салдарынан 50 адам қаза тапқанын хабарлады. Ал Парламент мүшесі Әбдіразақ Мохамедтің айтуынша, қаза тапқандар саны 90-ға жеткен, - деп хабарлайды РИА Новости

"Жарылыс салдарынан 90 адам қаза тапқаны, оның ішінде 17 полицей және 73 азамат, сонымен қатар 4 шетел азаматы болғаны туралы хабар жеткізді", - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында. 

Әзірше ешқандай террорлық ұйым бұл істі мойнына алған жоқ.

Сомалиде радикал исламшыл "Аш-Шабаб" ("Жас моджахедтер қозғалысы") тобы шоғырланған, олар "Әл-Каида" террорлық ұйымымен тығыз байланыс орнатқан. Олар Сомали орталық үкіметіне қарсы соғысып жатыр және БҰҰ гуманитарлық көмегіне тосқауыл болған.  2008 жылы АҚШ осы ұйымды террорлық қозғалыс ретінде тіркеген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети