03 ақпан 2016 09:58

Сомалиде бортында жарылыс болған ұшақтың жолаушысы оқиғаны видеоға түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© HarunMaruf © HarunMaruf

Сомали астанасы Могадишо әуежайынан көтеріле бергенде A321 ұшағының бортында жарылыс болды. Жолаушылардың бірі ұшақтың фюзеляждағы ойықпен ұшып бара жатқан сәтін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Оқиға 2 ақпанда болды. Кадрдан ұшақ фюзеляжының тесілгенін және жолаушылардың оттегі маскасын кигенін көруге болады.

РИА Новости басылымының мәліметінше, Daallo Airlines әуе компаниясына тиесілі Airbus A321 ұшағы борттағы жарылыс пен өртке байланысты апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Оқиғаның салдарынан 2 адам жарақат алған. Апаттың себебі анықталу үстінде.

Айта кетейік, жарылыс ұшақ биікке көтеріле бастаған кезде болғандықтан, салонда герметика бұзылмады. Ұшқыш дер кезінде апатты жағдайда қонып үлгерді. Лайнерде экипаж мүшелері мен 60 жолаушының болғандығы анықталды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети