21 ақпан 2017 09:54

Стокгольмде тәртіпсіздік кезінде полиция оқ атты - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gp.se © gp.se

Cтокгольмнің Ринкебю ауданында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде полицейлер ауаға оқ атып ескерту берді, - деп хабарлайды Газета.ru басылымы Aftonbladet ресурсына сілтеме жасап. 


Cтокгольмнің Ринкебю ауданында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде полицейлер ауаға оқ атып ескерту берді, - деп хабарлайды Газета.ru басылымы Aftonbladet ресурсына сілтеме жасап. 

Швеция астанасында жаппай тәртіпсіздіктер дүйсенбіде кешке басталған. Тәртіпсіздік кезінде адамдар жеті-сегіз көлікті өртеген және бірнеше дүкеннің ішін талқандап кеткен. 

Полиция орталығының аймақтық басшылығының Стокгольмдегі өкілі Ева Нильссон адамдар құқық қорғаушыларға тас ата бастаған кезде ауаға оқ атылғанын айтады. Полицейлердің бірінің қолына тас тиіп, жарақат алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети