02 сәуір 2020 13:56

Таиланд шетелде қалған азаматтарын елге кіргізбеуге шешім қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Таиланд шетелде жүрген азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар экспаттарды елге кіргізбейді. Бұл туралы коронавирусқа қарсы орталықтың баспасөз хатшысы Тхависин Висануйотхин мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости


Таиланд шетелде жүрген азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар экспаттарды елге кіргізбейді. Бұл туралы коронавирусқа қарсы орталықтың баспасөз хатшысы Тхависин Висануйотхин мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Бүгіннен бастап 15 сәуірге дейін премьер-министр, генерал Праюта Чан-Оча бұйрығымен елге қайтып келген азаматтар мен елде тұруға ықтиярхаты бар экспаттардың Таиландқа кіруі шектелді. Осы кезеңде Таиландқа қайта оралу шұғыл қажеттілік жағдайында ғана мүмкін болады", - деді ол.

Висануйотхин мұндай шешімді Таиландтың шетелдегі дипломатиялық миссияларының басшылары қабылдайтынын айтты. 

"Қазіргі таңда елге оралғысы келетін Таиланд азаматтары мен экспаттар орналасқан дамыған елдер індетпен күрес бойынша тиісті шаралар жүргізіп жатыр. Сондықтан біздің азаматтарымыз бен Таиландта тұратын, үйіне оралғысы келетін шетелдіктерге халықаралық авиа ұшулар кезінде және еліне келгеннен кейін өздерін және басқа да қауіп-қатерді болдырмау үшін шетелде қалуы керек", - деді ол.

Айта кетейік, Таиландта барлығы 1875 адам коронавирус жұқтырып, 104 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети