Таиланд үкіметі казино мен құмар ойындарды заңдастыруды қолдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Midjourney Midjourney

Таиланд үкіметі құмар ойындар мен казиноларды заңдастыруға бағытталған заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bangkokpost басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Таиланд үкіметі құмар ойындар мен казиноларды заңдастыруға бағытталған заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bangkokpost басылымына сілтеме жасап.

Премьер-министр Паетонгтарн Чинаваттың айтуынша, бұл қадам туризмді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және инвестицияларды тартуға бағытталған.

"Заңдастыру қоғамды қорғау құралы ғана емес, сонымен қатар бюджет кірістерін арттырудың көзіне айналады", – деді Паетонгтарн ханым.

Үкіметтің жоспарына сәйкес, парламентке ұсынылатын заң жобасы құмар ойындарды ірі ойын-сауық кешендерінде ұйымдастыруды қарастырады.

Қазіргі уақытта Таиландта казинолар мен құмар ойындардың көпшілігі тыйым салынған. Алайда футбол матчтарына ставкалар, жасырын ойындар мен лотереялар кеңінен таралған және олар арқылы үлкен қаржылық ағындар өтеді. Рұқсат тек мемлекеттік бақылаудағы ат жарыстары мен ресми лотереяларға қатысты.

Құмар ойындарды заңдастыруды қолдайтындардың бірі – бұрынғы премьер-министр әрі миллиардер, Паетонгтарнның әкесі Таксин Чинават. Ол билеуші партияда айтарлықтай ықпалға ие.

Бұған дейін билік экономиканы қолдау мақсатында құмар ойындарды заңдастыру және реттеу бойынша түрлі бастамалар көтерген, бірақ бұл ұсыныстар буддистік елдегі консервативті көзқарастағы халықтың қарсылығына ұшыраған.

Қаржы министрінің орынбасары Джулапан Аморнвиваттың айтуынша, жаңа бастама шетелдік туристердің санын 5–10 пайызға арттырып, туризмнен түсетін табысты 120–220 миллиард батқа дейін ұлғайтуы мүмкін.

Сонымен қатар 9–15 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer