1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Тәжікстанда әлемдегі ең қарт әйел қайтыс болды

© mihdasht.tj © mihdasht.tj

Тәжікстанда республикадағы ең қарт әйел Фотима Мирзокулова 127 жасында қайтыс болды. Кейбір мәліметтер бойынша, ол әлемдегі ең қарт әйел болып саналған, - деп хабарлайды Sputnik Таджикистан.

Басылым мәліметінше, ұзақ өмір сүрген кейуана еш жерде ресми түрде жұмыс істемеген. 125 жыл бойы ол үй шаруашылығымен айналысқан, бау-бақша ұстаған. Әжей тұқым егіп, арамшөбін отап, қияр суарған, аулада жұмыс істеп, үй жануарларына қараған. 

Зейнетке шыққан күннің өзінде Фотима Мирзокулова ұзақ жылдар бойы мақта теруге шығып тұратын болған. Кейуананы өзінің туған ауылында жерлеген. Мирзокулова 1893 жылы 13 наурызда Ашт ауданындағы Боштол ауылында дүниеге келген. Ол осы жасына дейін үш ғасырды көріп, үш мемлекетте тұрған - Бұхар әмірлігі, КСРО және тәуелсіз Тәжікстан. Қайтыс болған әйелдің қызы оның сабырлы, мейірбан және жүйке жүйесінің мықты болуы ұзақ өмір сүруіне септігін тигізген. 

"Анам кітап оқыған емес, саясатқа қызықпайтын, бірақ елдің өміріне етене араласты. Мысалы ол 1939-1940 жылдары Үлкен Ферғана көлін салуға қатысқан", - дейді ол. 

Мирзокулова өмірінде екі рет тұрмыста болған және сегіз баланы дүниеге алып келген - бес қыз және үш бала. Оның 200-ден аса немересі, шөбересі және шөпшегі бар. 

Daily Mail ұлыбританиялық таблоиды егер оның төлқұжатындағы мерзім дұрыс көрсетілген болса Фотима Мирзокулова әлемдегі ең қарт әйел болғанын жазады.