03 шілде 2017 10:03

Тәжікстанда пәктік туралы даудан кейін 18 жастағы қалыңдық суицид жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Раджабби Хуршед Раджабби Хуршед

Тәжікстанның тергеу орындары үйлену тойынан кейін қайтыс болған 18 жастағы Раджабби Хуршедтің өлім себебін анықтап жатыр. Қылмыстық істің аясында қалыңдықтың күйеуі Зафар Пировтан жауап алынды, - деп хабарлайды "Радио Озоди".


Тәжікстанның тергеу орындары үйлену тойынан кейін қайтыс болған 18 жастағы Раджабби Хуршедтің өлім себебін анықтап жатыр. Қылмыстық істің аясында қалыңдықтың күйеуі Зафар Пировтан жауап алынды, - деп хабарлайды "Радио Озоди".

Басылымның мәліметінше, Раджабби Хуршед пен Чорбог қыстағының тұрғыны Зафар Пиров үйлену тойы болған күні танысқан. Бірақ алғашқы неке түнінен кейін қыздың пәк еместігі жайлы әңгіме пайда болған. Қалыңдық Раджабби Хуршедтің туыстарының айтуынша, ол тойға дейін медициналық тексерістерден өткен және екі анықтамасы бар. Яғни, генетикалық сараптама қорытындысы мен денсаулығы жайлы.

Тәжікстанға, жаңа ережелер бойынша, некеге тұрғысы келетіндер денсаулығы жайлы медициналық анықтама көрсетуі керек. ЖҚТБ, гепатит және тағы да басқа ауруларға шалдыққан жастарға үйленіп, тұрмыс құруға болмайды.

Басылымның мәліметінше, күйеуі қалыңдығының пәктігіне күмәнданып, оны қайтадана Душанбеге тексеріске апарған. Бірақ сараптама қайтадан қалыңдықтың пәк екенін көрсетсе де, күйеуі тынышталмаған. Осылайша, 22 маусымда Раджабби Хуршед өз-өзіне қол жұмсаған. Қыздың ағасы YouTube хостингінде видео жариялаған болатын. Раджабби Хуршед видеода әрі қарай өмір сүргісі келмейтінін және өзіне қол жұмсамақшы екенін айтады. Сол түні қыз сірке қышқылын ішкен. Содан оны ауруханаға жеткізген, алайда Раджабби Хуршедті аман алып қалу мүмкін болмаған. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың бүйрегі мүлде жұмыс істемеген.

Ал қыздың анасы Фазила Мирзоева олардың қызды өз-өзіне қол жұмсауға дейін мәжбүрлегенін айтып отыр. "Күйеуінің қызымды қайтадан тексерістен өтуге Душанбеге алып кеткенін естігенде мен бірден олардың соңынан барып, қызымды алып кеткім келетінін айттым. Бірақ Зафардың анасы уайымдайтын ештеңе жоқ деп айтты. Ол тіпті қызыма соңғы кездері далаға шығуға тыйым салған", - дейді қайтыс болған қыздың анасы.

Басылымның мәліметінше, Тәжікстанға алғашқы неке түнінен кейін қыздың пәк емес екені белгілі болса, оны далаға шығарып жібереді. "Мұндай қыздарды әдетте ата-анасы да қабылдамайды. Мұсылмандарда қыздардың тазалығына деген талаптар өте қатаң, сондықтан да ата-аналардың көбі қыздарың қатаң тәрбиелейді", - деп жазады басылым.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети