28 тамыз 2017 15:22

Тәжікстанда президент тапсырмасымен ауыл билігі жергілікті мұғалімді 10 күнде үйлендірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Caravan Project © Caravan Project

Тәжікстан президенті мектеп мұғаліміне сүйікті қызына үйленуге көмектесті, - деп хабарлайды Sputnik Таджикистан сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 


Тәжікстан президенті мектеп мұғаліміне сүйікті қызына үйленуге көмектесті, - деп хабарлайды Sputnik Таджикистан сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Ел президенті қызметтік сапармен елдің Хатлон ауданына келген. Іссапар барысында жергілікті халықпен кездесу кезінде 23 жастағы Саидшо атты мектеп мұғалімі Эмомали Рахмонға өскелең ұрпаққа жасалған барлық жағдай үшін алғысын білдіреді. Осы кезде ел президенті жігіттен отбасы туралы және өзінің үйленген-үйленбегені туралы сұрақ қояды. 

Жігіт әлі отбасын құрып үлгермегенін, дегенмен, дене шынықтыру пәні мұғалімінің медбике болып істейтін қызы Марджон Худойдодованы бір көріп, сүйіп қалғанын айтқан. Президент сол арада жергілікті билік өкілдеріне үйлену тойына көмектесуді тапсыраған екен. 

Осылайша, тұрмыс жағдайы нашар Заргар ауылының мұғаліміне жергілікті билік тойға керек-жарақтың барлығын сатып алып берген. Тіпті той рәсімдері мен банкетті де мемлекет қаражатына өткізген. Бұл шараның барлығын жергілікті билік 10 күн ішінде ұйымдастырып берген екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети