27 қараша 2019 10:11

Тәжікстанда шекара бекетіне шабуыл жасағандар арасында әйелдер мен балалар да болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәжікстанның ҰҚКД өкілі отбасы мәселелеріне арналған конференцияда тәжік-өзбек шекарасындағы "Ишкобод" шекара бекетіне шабуыл туралы мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Ca-news.org.


Тәжікстанның ҰҚКД өкілі отбасы мәселелеріне арналған конференцияда тәжік-өзбек шекарасындағы "Ишкобод" шекара бекетіне шабуыл туралы мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Ca-news.org.

Мухаммад Саидов ҰҚКД қызметкері, 6 қарашада шабуылға 9 ер адам, 11 әйел және 13 кәмелетке толмаған (төрт жастан он бес жасқа дейін) балалар болғанын айтты. Алайда олардың шабуыл кезінде қандай рөл атқарғанын айтпады. 

Шабуылдағандардың бірі 15 жаста, ол сегізінші сыныпта оқыған. Жасөспірім мектеп директорынан басқа аймақта тұратын туыстарымен кездесу сылтауымен сабақтан сұранған. Оның шетелде ешқашан болмағаны анықталды. ҰҚКД өкілі конференция барысында қылмыстық топтың Соғды облысында құрылғанын және шабуыл алдында соңғы ай қаскөйлер астаналық ауданының Исмоили Сомони аумағында тұрғанын айтты.

"Бейтаныс адамдарды төраға махалли де, учаскелік милиционер де көрген, бірақ ешкім де бұған мән бермеген", - деді Мухаммад Саидов.

Оның айтуынша, бұл оқиға - қауіпсіздік органдарының салғырттығы мен махалли мен тұрғындар тарапынан қырағылықтың болмауы себебінен екен. Көптеген адамдар радикал топтарға мүше адамдарды кедейлікпен байланыстырады, бірақ болған оқиғада шабуылға қатысушылардың барлығы тұрмысы жақсы отбасыларынан шыққан. 

Айта кетейік, 6 қарашада түнгі уақытта20 адамнан құралған, маска киген топ ұрыс қаруымен Өзбекстанмен шекарада, Душанбенің батысында 60 шақырым жердегі "Султанабад" шекара жасағы әскери бөлімінің № 4 "Ишкобод" шекара бекетіне шабуылдады.

Шабуыл барысында белгісіз топ бес автоматты алып үлгерген. "Күш құрылымының операциясы барысында қарулы қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылды, бесеуі ұсталды. Қарулы қақтығыста шекара әскерінің сарбазы мен бір милиционер қаза тапты", - деді Тәжікстан ұлттық қауіпсіздігінің мемлекеттік комитетіндегілер. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы құрылды, тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети