25 тамыз 2021 16:28

"Талибан" Ауғанстаннан доллар шығаруға тыйым салды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда террористік ұйым деп танылып, тыйым салынған) Ауғанстаннан доллар мен антиквариат шығаруға тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда террористік ұйым деп танылып, тыйым салынған) Ауғанстаннан доллар мен антиквариат шығаруға тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы қозғалыстың ресми өкілі Забихулла Муджахид Twitter-де жариялады.

Забихулла Муджахид "құрлықпен де, әуе арқылы да" елден валюта шығаруға тыйым салынғанын айтты: заңбұзушылардың құнды заттары тәркіленеді, ал өздері бұл үшін жауап береді.

"Біз барлық тұрғындарға доллар мен антикваратты заңсыз алып өтуге немесе елден әкетуге қатаң тыйым салынғанын хабарлаймыз. Осыған байланысты, егер бұл заттар біреуден табылса, онда ол бірден тәркіленеді, ал өзі заңға сәйкес жазаланады."

Бұған дейін Goldman Sachs Asset Management компаниясының бұрынғы төрағасы және Ұлыбританияның бұрынғы қаржы министрі Джим О'Нил Ауғанстанда билікті "Талибан" қозғалысының басып алуы АҚШ долларының құлдырауына қауіп төндіруі мүмкін екенін айтқан болатын.

Бұл арада Дүниежүзілік банк те Ауғанстанға транш беруден бас тартты. 2020 жылы Ауғанстандағы ЖІӨ-нің 43 пайызы осы елдің алған ақшасы болды.

Бірнеше күн бұрын Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) қаржы ресурстарына Ауғанстанның қолжетімділігін тоқтатты, оның ішінде 440 миллион долларға жуық жаңа ақша қорына да.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети