Демалыс кезеңінде қазақстандықтар сапарға жиі шығады: бірі демалуға аттанса, енді бірі туыстарына. Осы жазда қандай қосымша рейстер іске қосылатынын "Жолаушылар тасымалы" АҚ-дан білдік, толығырақ – Tengri Travel.
Бағыттар
Тасымалдаушының баспасөз қызметі мәліметінше, жазғы маусымға қарай 13 маусымдық бағыт қосылады.
Оның 9-ы Қазақстанның түрлі қалаларынан Алакөлге қатынайды:
- № 254/253 Астана – Достық;
- № 207/208 Алматы-2 – Достық;
- № 221/222 Алматы-2 – Достық;
- № 211/212 Алматы-2 – Достық;
- №457/458 Семей – Достық;
- №459/460 Өскемен – Достық;
- №21/6942/6941/22 пойыздарының құрамында Алматы – Достық бағытында;
- №21/6942/6941/22 пойыздары құрамында Қызылорда – Достық;
- №31/6942/6941/32 пойыздары құрамында Павлодар – Достық.
Ел ішіндегі сұранысқа ие бағыттар бойынша тағы 4 пойыз қосылады:
- № 201/202 Астана – Алматы;
- №203/204 Астана – Шымкент;
- №219/220 Қарағанды – Балқаш;
- №205/206 Астана – Ақтөбе.
Сондай-ақ компания 1 мен 6 мамыр аралығында "Алматы – Түркістан – Самарқанд – Ташкент – Алматы" бағыты бойынша Keruen Express халықаралық туристік пойызы қатынайтынын атап өтті.
Ұлттық тасымалдаушы жазда пойыз билеттерінің құны өзгеріссіз қалатынын, яғни тарифтер бұрынғы деңгейде сақталатынын еске салды.