28 маусым 2021 09:37

Тәліптер Ауғанстанның тағы бір шекара бекетін басып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Тәліптер Ауғанстанның Балх провинциясындағы Калдор уезді Укчук шекара бекетін басып алды. Үкіметтік күштердің 17 әскери қызметкері Тәжікстан аумағына шегінді. Бұл туралы Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті шекара әскерлерінің баспасөз орталығы мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Жергілікті уақытпен 12.50-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақытымен 14:50) созылған қақтығыс нәтижесінде үкіметтік күштердің 17 әскери қызметшісі "Шахритус" шекара отрядының бірінші бекеті арқылы өмірі мен жеке құрамды құтқару үшін Тәжікстан аумағына шегінуге мәжбүр болды", - деді агенттік дереккөзі.

Оның айтуынша, тәжік шекарашылары гуманизм мен тату көрші қағидаларын ескеріп, мемлекеттік шекараны бұзып өткен ауған әскерилеріне өз еліне еркін кіруге мүмкіндік берді.

"Бұл шекара аймағындағы ахуал әлі шиеленісіп тұр, "Талибан" қарулы тобы мен Ауғанстан үкімет күштері арасындағы шайқас жалғасып жатыр", - деді ол.

23 маусымда "Талибан" қозғалысының содырлары (Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және басқа да бірнеше елде тыйым салынған радикал ұйым) АҚШ пен НАТО Ауғанстаннан өз әскерін шығара бастағаннан кейін елге шабуыл жасап, ондаған әкімшілік аймақты бақылауға алған. Тәжікстанмен шекарадағы негізгі аймақтар содырлар қолына өткен.

Сол күні ауған әскерінің бір бөлігі Шортепа уездіне жақын Өзбекстан аумағына шегінуге мәжбүр болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети