11 мамыр 2021 14:53

Татарстан президенті мектептегі атысқа қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Татарстан президенті Рустам Минниханов Қазан қаласындағы мектепте болған төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Татарстан президенті Рустам Минниханов Қазан қаласындағы мектепте болған төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ол жеті 8 сынып оқушысы отыс салдарынан қаза тапқанын және тағы 16 адам ауруханаға жатқызылғанын растады.

Кейін Татарстан басшысының баспасөз қызметі өкілдері жеті оқушыдан басқа бір мұғалім қайтыс болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, 20 адам зардап шекені туралы мәлімет бар.

Миннихановтың айтуынша, Қазан мектебінде атыс шағарған адам 19 жаста. Оның жанындағы көмекшісі әлі анықталған жоқ, тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Террорист қамауға алынды. 19 жаста. Оған ресми түрде қару тіркелген", - деді Минниханов.

Республика басшысы мектепке, сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетілетінін айтты.

Бейресми мәліметке сүйенсек, Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі 11 адам қаза тапқанын айтқан. Қазіргі уақытта ақпарат толық расталмаған.

Айта кетейік, бұған дейін Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарғаны хабарланған еді. Кейін куәгерлер түсірген суреттер мен видео Желіде жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети