02 желтоқсан 2018 10:35

Тайландта жүздеген акула атақты жабық жағажайды "басып" алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Тайландтың Пхи-Пхи-Ле аралында атақты Майя (Maya Beach) жағажайындағы суда жүздеген акулалар жүргені түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды AFP. Кезінде бұл жерде басты рөлде Леонардо Ди Каприо ойнағаған "Жағажай" фильмі түсірілген.

Басылым мәліметінше, табиғатты қорғау қызметкерлері осыншама риф аулалары Майя бұғазының көкшіл суларында жүруіне оң баға берді. Экологтар туристер үшін жарты жыл бұрын жабылған жағажайдың регенерациясы үшін бұл қалыпты жағдай екенін түсіндірді. 

Айта кетейік, жағаажай маусым мен қыркүйек аралығында жабық болды, содан кейін оны тағы белгісіз мерзімге жабу туралы шешім шығарылды. Туристердің жаппай келуіне байланысты экологиялық балансқа зақым келіп, бұғаздағы маржандардың (коралл) өлуіне әкеп соққан. Жарты жылда жағажайды экожүйесі қайта қалпына келеді деп жоспарланған, алайда мамандардың болжағаны іске аспаған. Жағажай туристер үшін әлі де жабық күйде қалуда. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети