Иранда АҚШ соққыларынан кейін мұнай бағасы барреліне 200 долларға дейін өсуі мүмкін екені ескертілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мұндай мәлімдемені сейсенбі, 26 мамырда Иран қарулы күштерінің "Хатам аль-Анбия" орталық жедел штабының ресми өкілі Эбрагим Зольфагари жасады.
"Америкалықтар біздің өңірдегі әскери авантюраларын жалғастыра берсе, ешқандай келісімге қол жеткізілмейді. АҚШ үкіметі тек күш қолдану тілін ғана түсінетінін бірнеше рет көрсетті. (Барреліне - ред. ескертпесі.) 200 доллар болатын мұнайға дайындалыңыздар", - деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
Америкалықтар біздің өңірдегі әскери авантюраларын жалғастыра берсе, ешқандай келісімге қол жеткізілмейді.
— Ebrahim Zolfaghari ☫ (@ibrahim_zolfgri) 2026 жылғы 26 мамыр
АҚШ үкіметі тек күш қолдану тілін ғана түсінетінін бірнеше рет көрсетті.
200 долларлық мұнайға дайын болыңыздар.
Бұған дейін АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының өкілі Тим Хокинс АҚШ-тың Ормуз бұғазы маңындағы Иран нысандарына шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Ол бұл соққылардың "қорғаныс" мақсатында болғанын және "мина орнатуға тырысқан зымыран тасығыштар мен ирандық катерлерге" жасалғанын нақтылады. Оның айтуынша, соққылар Иранның оңтүстігіндегі Ормуз бұғазына жақын Бендер-Аббас ауданына жасалған.
Сонымен қатар,американдық БАҚ-тың мәліметінше, 8 сәуірде күшіне енген АҚШ пен Иран арасындағы уақытша атысты тоқтату режиміндегі қандай да бір өзгерістер туралы хабарланбаған.
Бұл ретте ирандық БАҚ Бендер-Аббастағы және бұғаз жағалауындағы аудандардағы жарылыстар туралы жазды. Қаладағы жағдай бақылауда екені және алаңдауға негіз жоқ екені атап өтілді.
Тағы оқыңыз: Трамп Иранның байытылған уранына не болатынын айтты