03 ақпан 2020 09:19

Тегерандағы ұшақ апаты: Украина Иранның отбасыларға ұсынған өтемақысын қабылдамады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран билігі Тегеран түбіндегі ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасына 80 мың доллар көлемінде өтемақы беруді ұсынған. Бірақ Украина бұл соманы жеткіліксіз деп отыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, - деп хабарлайды ТСН

"Меніңше, бұл аз. Қаза тапқан адамның жарының айтуынша, ол отбасының жалғыз асыраушысы болған, әйелінің жұмысы жоқ, ал баласын институтқа түсіру керек, мұндай сәтте 80 мың доллар өте аз", - деді Украина президенті. 

Зеленский көбірек өтемақы алу үшін Тегеранға "қысым жасауға" уәде берді. Қазіргі уақытта Украина билігі отбасыларға 200 мың гривен төледі. 

Сондай-ақ Зеленскийдің айтуынша, мамандар диспетчер мен ирандық ұшқыш әңгімесінің жазбасын мұқият тексереді. 

Еске салайық, МАУ әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Тегераннан Киевке ұшуы керек болған, бірақ 8 қаңтарда әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшыраған еді. Апат салдарынан экипаждың тоғыз мүшесі мен 167 жолаушы қаза тапқан болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети