13 ақпан 2020 09:36

Теңізде ас-сусыз бір ай бойы қалып қойған төрт адам табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© George Gwaimani / Solomon Star © George Gwaimani / Solomon Star

Тынық мұхитында бір ай бойы қорексіз болған төрт адам құтқарылды. Бұл уақыт аралығында олардың қатарындағы сегіз адам қайтыс болған, - деп хабарлайды Lenta.ru.


Тынық мұхитында бір ай бойы қорексіз болған төрт адам құтқарылды. Бұл уақыт аралығында олардың қатарындағы сегіз адам қайтыс болған, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Аман табылған төрт адам былтыр 22 желтоқсанда жалпы 12 адам болып Бугенвильден жүзіп кеткен. Олар Бугенвильден 86 шақырым жерде орналасқан Килинаилау атолына католиктер рождествосын тойлайға шығып кеткен. 

Сөйтіп, олардың кемесі аударылып, бірнеше адам батып кеткен. Қалған адамдар кемені судан құрғатып, жүзуді жалғастырған. Тамақ біткеннен кейін су бетіндегі кокос жаңғағымен қоректеніп, шөлін жаңбыр суын ішіп басқан. Жандарынан бірнеше рет өткен балық аулайтын кемелер оларды байқамаған да. 

"Жас отбасы қайтыс болды, тек сәбилері аман қалды. Мен оны біраз қолымда ұстап отырдым. Бірақ көп ұзамай ол да қайтыс болды", - дейді аман қалған Доминик Сталли (Dominic Stally) есімді ер адам. 

Қайтыс болғандардың денесін теңізге лақтыруға тура келген. Төрт аптада қайық екі мың шақырымдай жүзіп, Жаңа Каледония аралына жақындап қалған. Ол уақытта тек төрт адам аман қалған. 23 қаңтарда оларды балық аулайтын кеме тауып алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети