28 қаңтар 2018 15:59

Тергеудің ашықтығын көрсету үшін полицейдің рэперді атқан сәті түсірілген видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tv29.ru © tv29.ru

Чикагоның полиция қызметін қадағалау бойынша азаматтық басқармасы құқық қорғау органы қызметкерінің ер адамды атқан сәті түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлады РИА Новости.


Чикагоның полиция қызметін қадағалау бойынша азаматтық басқармасы құқық қорғау органы қызметкерінің ер адамды атқан сәті түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлады РИА Новости.

Агенттіктің хабарлауынша, оқиға өткен жылы 29 қарашада болған. Полицейлер атыс туралы хабар келіп түскен соң, оқиға орнына барған. Олар сол жерден 24 жастағы Акуонесс Кэтери деген азаматты табады, оның қолында қаруы болған. Жігіт тығылып қалуға әрекеттенген, алайда полицейлер оның артынан қуған.

"Құқыққорғаушылардың бірі Кэтериге оқ атты, ол алған жарақатынан кейін ауруханада қайтыс болды. Оқиға болған жерден өздігінен оқталатын пистолет табылған. Кейін офицер баянат жазып, мұндай шараны неліктен қолданғанын түсіндірді, айтуынша, күдікті оған қару кезеген", - деп хабарлады агенттік.

Жергілікті WGN-TV телеарнасының хабарлауынша, қаза тапқан ер адам рэпер болыпты.

Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ал видеоны жариялаудағы мақсат тергеудің ашықтығын көрсету болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети