15 мамыр 2020 09:26

Токиода дәрігерлерді коронавирустан қорғаудың ерекше әдісі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Tokyo Metropolitan Government Фото: © Tokyo Metropolitan Government

Токиода дәрігерлерді коронавирустан қорғаудың ерекше әдісі табылды. Бұл жерде симптомы жеңіл науқастарға роботтар қарайды. Бұл туралы Токио муниципалитеті жобалар аудиті бөлімінің басшысы Масатака Цудзи айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.


Токиода дәрігерлерді коронавирустан қорғаудың ерекше әдісі табылды. Бұл жерде симптомы жеңіл науқастарға роботтар қарайды. Бұл туралы Токио муниципалитеті жобалар аудиті бөлімінің басшысы Масатака Цудзи айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Сәуірден бастап жапониялық қонақүйлерге COVID-19 жұқтырған науқастардың арасынан ауру белгілері жеңілдерін орналастыра бастаған. Бұл ауруханаларда адамдардың көп болмауына және науқастардың отбасы мүшелері мен көршілеріне жұқтырмауына мүмкіндік береді. 

"Бұл жерде тәулік бойы екі медбике, ал күндіз дәрігер кезекшілік етеді. Олар кезекпен жұмыс істейді. Егер науқастың жағдайы күрт нашарлап кетсе, дәрігерлер шұғыл шара қабылдай алады. Токио осы мақсатпен қонақүйлерді жалға алып отыр. Қазір жалпы 5 қонақүйдің 2 865 бөлмесі бар", - деді Масатака Цудзи.

Алғашқы үш қонақүйде қызметкерлер жұмыс істейді. Олар күніне бірнеше рет қоңырау шалып, жағдайын сұрап, дене қызуын өлшейді және қоқыс шығарып отырады. Қалған екеуінде роботтардың көмегіне жүгінген. 

"Бір робот науқастарды бірінші қабаттағы кіреберісте күтіп алады. Олармен сөйлесіп, мән-жайды түсіндіреді. Қандай жағдайда қайда хабарласу керегін айтып береді. Екіншісі - жасанды интеллекті бар робот. Ол қоқыс жинайды және бірінші қабаттағы лоббиде дезинфекция жасайды", - деді Цудзи.

Ал, науқастардың жағдайын сұрап тұратын мобильді қосымша бар екен. Бұл бұған дейін барлық мәліметті қолмен жазып отыратын қызметкерлердің жұмысын әлдеқайда жеңілдеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети