21 шілде 2018 18:02

Токиода Денис Тенді еске алуға барған адамдар кезекке тұрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР СІМ баспасөз қызметі © ҚР СІМ баспасөз қызметі

Токио қаласында Денис Тенді еске алуға барған адамдар кезекке тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Токио қаласында Денис Тенді еске алуға барған адамдар кезекке тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның Токиодағы елшілігіне Жапония азаматтары ағылып келіп жатыр, олар қазақстандық даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге құрмет көрсетеді. Жапонияда аптап ыстық болса да елдің түкпір-түкпірінен адамдар келіп жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстандық мекемеге көңіл айту телеграммалары мен қоңыраулар келіп түсіп жатыр. "Келушілер көңіл айту кітабының сегізін толтырды", - деді СІМ өкілдері. 

Суреттер мен видеоны СІМ баспасөз қызметі жолдады. 

Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда екі адам Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Денис Теннің өлімі ұлттық трагедия болды. Әлемнің әр бұрышынан адамдар хабарласып, спортшының отбасына көңіл айтып жатыр. Бүгін, 21 шілдеде Алматы мен Астанада спортшымен қоштасу рәсімі өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети